Павлодарда сотталған адам түрмеде өлі күйде табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда сотталған адам түрмеде өлі күйде табылды

Павлодарда сотталған адам түрмеде өлі күйде табылды

[wpcode id="1694287"] Павлодарда сотталған ер адам колонияда қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жедел мәліметтерг

  • 5 Мамыр 2017
  • 533
Фото - Caravan.kz


Павлодарда сотталған ер адам колонияда қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жедел мәліметтерге қарағанда, төтенше жағдай Павлодардағы 162/2 арнайы мекемесінде болған Сотталушы 4 мамырдан 5 мамырға қараған түні өлі табылған. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, таяуда мекемедегі бірнеше науқас аштық жариялаған. Олар прокурормен кездесуді және оларға толықтай ем көрсетулерін талап еткен. Сондай-ақ, прокуратура өкілдерінің 4 мамырда сотталушылармен кездескені белгілі болды. Колония басшылығына бұл жағдайды реттеуге қатысты тапсырмалар берілген. Алайда прокуратура өкілдері кеткен соң колонияда ұрыс-керіс шыққан. Павлодар облыстық прокуратура өкілдері сотталушының өлімін растады. Алайда олар осы істің мән-жайын әлі айтпады.
 

Соңғы жаңалықтар