Павлодарда топырақ құлап, бір адамды басып қалды
![]() |
Павлодарда топырақ құлауының салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бірі ауруханаға жатқызылды. Қайғылы оқиға бүгін Лесозавод шағынауданында болды. |
ТЖД мәліметтерінше, екі адам Көпеев көшесіндегі жекеменшік тұрғын үйдің ауласында жер қазу жұмыстар жүргізген.
«Жедел кезекшіге хабарлама сағат 10:45-те келіп түсті. Топырақ шұңқырдың ішінде болған ер адамдардың үстіне төгілген. Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел-құтқару жасағы барлық қажетті жұмыстарды жүргізіп, адамдарды сыртқа шығарды», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінің маманы Айгерім Құсайынова. «Жедел медициналық көмек бригадасы зардап шегушіні ауруханаға жеткізді, екінші адам оқиға орнында қаза тапты».
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін