Павлодарда төрт жасар бүлдіршін бесінші қабаттан құлап кеткен
Павлодарда бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен 4 жасар қыз бала ауруханаға жеткізілді. «Бүлдіршін облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөлімінде жатыр. Оған «бас сүйегі мен миы, іші зақымданды» деген диагноз қойылды», - деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі. Сейсенбі күні кешқұрым болған оқиға себептері анықталу үстінде. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін