Павлодарда үстіміздегі жылы алғаш рет жасанды ақша жасау дерегі тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда үстіміздегі жылы алғаш рет жасанды ақша жасау дерегі тіркелді

Павлодарда үстіміздегі жылы алғаш рет жасанды ақша жасау дерегі тіркелді

Павлодар. 6-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда үстіміздегі жылы алғаш рет жасанды ақша жасау дерегі тіркелді. Белгісіз біреулер 500 теңгелік купюраны қолдан жасаған, деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне аймақтық ішкі істер департаментінен.

  • 6 Ақпан 2008
  • 600
Фото - Caravan.kz

«Бізге 36 жастағы қала тұрғыны жүгінді, оған дүкендердің бірінде артық ақшасын қайтару кезінде жасанды ақша берген»,- деп түсіндіріп өтті полициядағылар. Сондай-ақ, бұл азамат мұның дәл қай дүкенде болғандығын нақты айта алмады, себебі ол осы күні қаланың бірнеше сауда орындарынан заттар сатып алған.

Полицейлердің айтуынша, жасанды ақшаның түпнұсқадан еш айырмашылығы жоқ, бірақ мұқият қараған кезде жасанды ақша мен нағыз ақшаның арасындағы айырмашылықты табуға болады. Сондай-ақ, қылмыскерлер 200, 500, 1 мың және 2 мың теңгеліктерді жиі жасайды. Жасанды 5 мыңдықтар мен 10 мыңдықтар өте сирек кездеседі. Ішкі істер департаментінің қызметкерлері, жақын уақытта сауда желілерінде басқа да жасанды ақшалардың пайда болуын жоққа шығармайды. Осыған байланысты облыс полицейлері аймақ тұрғындарын ақша алу және беру кезінде өте мұқият болуға, ал егер осы тектес алаяқтыққа ұрынған жағдайда сенім телефонына немесе жедел кезекшіге қоңырау шалуға шақырды.

Облыстың Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабаралуынша, өткен жылы облыс аумағында осы тектес сегіз дерек тіркелген, бірақ жасанды ақша жасайтындарды қолға түсіру мүмкін болмаған.

«Себебі, бізге жүгінген азаматтар өкінішке орай оларға жасанды ақшаны қай жерде беріп кеткендігі туралы нақты ештеңе айта алмайды, сондықтан алаяқтардың ізіне түсу мүмкін болмайды»,- деп түсіндірді департаменттің баспасөз хатшысы Жанар Белялова. Полицейлердің хабарлауынша, қылмыскерлер жасанды ақшаларды адамдар көп жерде, көтерме сауда базарларында, базарлар мен рыноктарда өткізуге тырысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті