Қаскөйлер этнобірлестіктегі жиырмаға жуық мүсіннің жартысынан көбін қиратып тастаған. Гректердің Афродитасы, славян орталығының матрешкалары мен қырғыз, армян, поляк, болгар сияқты өзге этнос өкілдерінің дәстүрін бейнелейтін белгілер адам танымас күйге түскен. Бұзақылардың тек тастан жасалған мұнараларға ғана күштері жетпегенге ұқсайды. Ал қаңғыбастар тіпті қазақ киіз үйінің құлпын бұзып кіріп, ішінде ойына келгенін жасайды екен. Мұны көрген орталық өкілдері алаңға күзетші қойып, бейнебақылау камераларын орнату керек екенін алға тартуда. Айтуларынша, мәселе бұған дейін де бірнеше рет көтерілген. Алайда қыстың аязына шыдамаған күзет көп ұзамай табанын жалтыратыпты.