Осыдан бір ай бұрын қатарластарымен ойын алаңында асыр салған Ескендір енді анасының қасынан қалмайды. Дәл осы жерде 10 жасар қызбен допқа таласып, әлдебір әйелден шапалақ жеген. Үсті-басы көгеріп келген Ескендір жанжал жайында жақ ашпапты. Тіпті ыстығы көтеріліп, далаға шықпай жатып алған. Балаға қол көтерді деп қазір айыпталып жатқан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкері. Жанар Әбішті қазір Ескендірдің анасы сотқа сүйреп жүр. Бірақ бүгінгі отырысқа шенеунік адвокатын ғана жіберіпті. Тіпті жұмыс орнында да төбе көрсеткен жоқ.
Динара Құрбанова, Ескендірдің анасы:
-Баладан сұрасам, «иә», рас па десем, «рас», қалай ұрды, қай жерден ұрды – бәрін көрсетті сол әйел жақындағаннан кейін. Неге айтпадың деп едім, ол айтты: «Мен қорқып қалдым тағы да мені ұрады деп» дейді.