Павлодарда жаппай төбелес кезінде төрт жеткіншек жарақат алды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда жаппай төбелес кезінде төрт жеткіншек жарақат алды

Павлодарда жаппай төбелес кезінде төрт жеткіншек жарақат алды

Павлодар мектептерінің бірінің маңында жаппай төтебелс болды, деп қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

  • 12 Мамыр 2014
  • 453
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметі таратқан бүгінгі хабарламаға сәйкес, таяуда кешкісін болған төбелеске жиырма шақты адам қатысқан. Олардың ішінде мектеп оқушылары мен колледж студенттері бар.

Төбелес салдарынан төрт жеткіншек ауруханаға жеткізілді. Олардың бас сүйектері зақымданып, кеуделерінен жарақат алған.

Қазір олардың жағдайы қанағаттанарлық.


Төбелес фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 257-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция істің мән-жайын тексеруде.