Апат Павлодар-Қашыр трассасында орын алды. Баспасөз қызметі хабарлағанындай, жолдардың үстін көру мүмкіндігінің төмендеуінен «Фольксваген» көлігінің жүргізушісі сол бағытпен кетіп бара жатқан МТЗ-80 тракторымен соғысқан. Соның салдарынан жеңіл көлікте отырған жолаушы мерт болды. Кейін анықталғанындай, қаза болған 51 жастағы ресей азаматы Екатеринбургте тұрған. Ол Павлодардан Омбыға бармақшы болған. Ал көлік жүргізуші түрлі жарақатпен аудандық Қашыр поселкесінің ауруханасына жеткізілді.
Бұдан ертерек хабарланғанындай, соңғы күндері Павлодарда қар жауып, ауа температурасы күрт төмендеп, боран соқты. Жолды көру мүмкіндігі кейбір жерде 50 метрге дейін қысқарып, бірнеше рет халықаралықбағытындағы көлік жолдары жабылды. ІІД баспасөз қызметі хабарлағанындай, қазіргі күні күн ашылып, жолдағы жағдай қалпына келтірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті