Павлодарда жол талғамайтын көлік екі жаяу жүргіншіні қағып кетті: Әйел көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда жол талғамайтын көлік екі жаяу жүргіншіні қағып кетті: Әйел көз жұмды

Павлодарда жол талғамайтын көлік екі жаяу жүргіншіні қағып кетті: Әйел көз жұмды

Сейсенбі күні кешке Павлодарда адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 11 Қараша 2020
  • 27
Фото - Caravan.kz

10 қараша күні сағат 19:20-да Сәтпаев пен Маяковский көшелерінің қиылысында BMW X5 көлігінің 28 жастағы жүргізушісі жолдың жүру бөлігін реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан екі адамды қағып кетті.

Желіде апат орнынан видео пайда болды.

Түрлі дене жарақаттарымен зардап шеккендер ауруханаға жеткізіліп, олардың біреуі есін жимастан қайтыс болды.

Медициналық сараптама BMW жүргізушісінің сергек екенін көрсетті. Көлік айыппұл тұрағына қойылған.


Сараптама тағайындалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар