Павлодарда жұмысшылар жоғары қабаттан құлап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда жұмысшылар жоғары қабаттан құлап кетті

Павлодарда жұмысшылар жоғары қабаттан құлап кетті

Павлодарда жұмысшы 5-қабаттағы балконнан құлап кеткен, - деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

  • 19 Қазан 2020
  • 14
Фото - Caravan.kz

Полиция мәліметінше, өңірде 3 оқыс оқиға тіркелген.

"Бірінші оқиға 16 қазанда сағат 08.10-де Павлодар қаласы Назарбаев даңғылындағы пәтерде болған. 32 жастағы монтер пәтердегі жөндеу жұмыстары кезінде 5-қабаттағы балконнан құлап кеткен. Ер адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Екінші оқыс оқиға да осы күні сағат 10.00-де Екібастұзда болған. Қаладағы ЖШС аумағының бірінде 55 жастағы токарь жұмыс барысында аяғынан жарақат алған. Ол да ауруханаға жатқызылған.

Үшінші оқыс оқиға 18 қазанда сағат 01.40-де Екібастұзда болған. Ондағы ЖШС-ның біріндегі 31 жастағы жұмысшы кірпіш төсеп жатқан. Осы сәтте оны құрал басып қалған. Ер адам дене жарақатымен Екібастұздағы ауруханаға жеткізілген", — делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар