Павлодарда жүзден астам саяжай отқа оранды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда жүзден астам саяжай отқа оранды

Павлодарда жүзден астам саяжай отқа оранды

Павлодарда тағы саяжайлар отқа оранды. Бұл жолы да тілсіз жау 20-ға тарта үйді күлге айналдырған.

  • 3 Мамыр 2014
  • 360
Фото - Caravan.kz


Тілсіз жау осымен төртінші күн қауіп төндіруде. Өткен тәуліктерде шамамен 80 саяжай жанып кетсе, бүгінгі қирандыларды қоса алғанда, олардың саны жүзден асып жығылады. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Қызыл жалынның бетін қайтаруға 20 өрт сөндіруші келген. Қалалық су арнасы мекемесінің су тасушылары да көмектесіпті. Осы 4 күн ішінде өртті ауыздықтауға 200 тоннадан астам су жұмсалған. Қазір оның шығу себептері нақтылануда. Ал, жер телімдері жанып кете жаздаған тұрғындар барлығы көршілес саяжай иелерінің салғырттығынан болды деп отыр.