Жарияланды: 560

Павлодардағы құбыр прокаты зауыты металл сатып алу бағасын екі есеге жуық төмендетіп жіберді

Павлодар. 2 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодардағы құбыр прокаты зауыты 1 қазаннан бастап металл сатып алу бағасын екі есеге жуық төмендетіп жіберді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бұрын кәсіпорын металлдың бір тоннасын 31 мың теңгеге сатып алатын. Кеше зауыт өкілдері сатушыларға металлдың бір тоннасын 18 мың теңгеге сатып алатынын жария етті. Қазақстандағы ірі металлургиялық кәсіпорынның мұндай әрекеті сатушылардың наразылығын тудыруда. Кәсіпорынның жанында еліміздің әр өңірінен келген металл тиелген 800 астам "КАМАЗ" жиналып қалды. Кеше түстен кейін жүргізушілер зауытқа баратын жолды жарты сағаттай жапты. Бүгін олар наразылық шарасын одан әрі жалғастырмақшы. Жүргізушілер қолдарында металлдың бір тонасын 31 мың теңгеге қабылдау жөнінде келісім-шартымыз бар дейді. Олар бағаның төмендеуіне байланысты шығынға ұшырауда, бір күн жұмыссыз тұру оларға 5 мың теңгеге түсуде. Зауыт басшылығы жағдайға түсініктеме бермей отыр. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть