Павлодардағы тергеу абақтысында 22 жастағы сотталған жігіт асылып өлді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодардағы тергеу абақтысында 22 жастағы сотталған жігіт асылып өлді

Павлодардағы тергеу абақтысында 22 жастағы сотталған жігіт асылып өлді

Павлодар. 5 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Павлодардағы тергеу абақтысында 22 жастағы сотталған жігіт асылып өлді. Бұл туралы өңірлік ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 5 Шiлде 2008
  • 402
Фото - Caravan.kz

АП 162/1 мекемесі басшылығының хабарлауынша, жігіттің денесін 03 сағат 45 минутта дәретханада тауып алған. Оның қолында хат болған. Онда: «менің өліміме судьядан басқа ешкімді кінәламауды сұраймын. Өйткені, мен оған сот залында ұрлық істеген жоқпын деп айттым, бірақ ол сенбеді», -делінген дейді мекеме басшысы Қалыбек Мүслімов журналистерге.

Қ. Мүслімовтың хабарлауынша, жас жігіт ұялы телефон ұрлығы үшін 5 жылға бас бостандығынан айрылған. «Бала жетімдер үйінде тәрбиеленген, сол себепті оның туыстары жоқ»,- деді абақты басшысы. Сот үкімі екі аптадан кейін күшіне енуге тиіс болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті