Полицейлердің болжамдарына сүйенсек, қала маңындағы Ленин ауылынан келген қылмыстық топ қыркүйектің 21-нен 22-не қараған түні 23 жасар ауылдастарын соққыға жығып, оның «ВАЗ-2103» маркалы көлігін иеленіп, ауылдан 1,5 шақырымдағы шұңқырда жігітті қатыгездікпен өлтірген.
«Қанды оқиғаның бастамасы болған дау-жанжалдың неден шыққандығы әзірге белгісіз»,- деп мәлім етті агенттік тілшісіне берген сұхбатында Павлодар облысының Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов.
Суыққанды қылмыскерлердің әрекеті құқық қорғау қызметкерлерін таң қалдырып отыр. Түнгі дүкеннің маңындағы жанжалдан кейін төрт жігіт көлік иесін көліктің жүк салғышына итеріп құлатып, біраз уақыт жүрген, сөйтіп жазадан қорққан олар куәнің көзін құртпақ болып шешкен.
Ж. Сүлейменовтың айтуынша, қылмыскерлер жігітті ауыл маңындағы шұңқырға апарған, оның өзін өлтірмеуді өтінгендігіне қарамастан қатыгездікпен пышақтап өлтірген, ал олардың ішіндегі кәмелеттік жасқа толмаған ең жас қылмыскер оның басынан балтамен бірнеше ауыр соққы берген.
Полицейлер қылмыскерлерді кеше қолға түсірген. Олар Ленин аулының тұрғындары болып шықты. Олардың екеуі 18 жасар, біреуі 20 жасар және біреуі кәмелеттік жасқа толмаған. Полицейлер ұрланған көлікті де тапқан.
Қылмыскерлердің төртеуі де уақытша тергеу изоляторына қамалған. Оларға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 96-бабы бойынша (адам өлтіру) айып тағылауда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті