Павлодарлық Еламановтар отбасының басқаруымен Қазақстанды велосипедпен аралауға шыққан марафоншылар 230 күнде еліміздің 14 облысын басып өтпекші - kaz.caravan.kz
  • $ 477.03
  • 521.44
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарлық Еламановтар отбасының басқаруымен Қазақстанды велосипедпен аралауға шыққан марафоншылар 230 күнде еліміздің 14 облысын басып өтпекші

Павлодарлық Еламановтар отбасының басқаруымен Қазақстанды велосипедпен аралауға шыққан марафоншылар 230 күнде еліміздің 14 облысын басып өтпекші

Cаяхатшы, 3 мәрте рекорд жаңартқан Ризабек Еламанов бастаған марафоншылар Павлодар, Қарағанды қалаларын артқа тастап 9-мамырда Семейге жетті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 12 Мамыр 2004
  • 439
Фото - Caravan.kz

Салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат тұтқан марафоншылар 20-сәуірден қарашаның 20-сына дейін 230 күн ішінде велосипедпен Қазақстанның 14 облысынан өтеді. Топ жетекшісі Ризабек Еламановтың айтуынша, олар 325 аудан мен 400-ден астам елді-мекенге табан тіреп, жалпы 15 мың 640 шақырымды жүріп өтпек. Ризабек пен оның зайыбынан басқа топ құрамында дәрігер, спортшы, шаруа қожалығының өкілі және кәсіби оператор бар.

«Қарқаралы тауының шатқалды жерлерінен велосипедпен жүріп өту оңайға тиген жоқ. Қар аралас жауған жаңбыр да кимылымызды саябырсытты»,- дейді топ жетекшісі. Ризабектің өзі тарихшы-археолог, тарих ғылымдарының кандидаты. Осы марафон барысында елімізді мекендеген ұлттар мен ұлыстардың салт-дастүрлері, Қазақстаннын табиғаты жайлы 3 фильм түсіріледі. Фильмнің бірінші бөлігі мамырдың 25-інен кейін Хабар арнасынан көрсетіледі, кейіннен мектептер мен оқу орындарына оқу-әдістемелік материал ретінде таратылады.