Жарияланды: 520

Павлодарлық ИнЕУ студенттеріне Елбасының атынан алғыс айтылды

Павлодарлық Инновациялық Еуразия университеті ректорының атына ел президентін сайлау кампаниясына студенттердің белсене атсалысқаны үшін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хаты келіп түсті,

деп хабарлады жоғары оқу орнының баспасөз қызметі. «Университеттің мақсаты - тек мамандыққа үйрету ғана емес, сонымен қатар қоғамның интеллектуалдық элитасын толықтыратын адамдарды тәрбиелеп шығару, - деп атап өтті әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі проректор Владимир Шнайдер. - Болашақ маманның жеке тұлғасын қалыптастыруға арналған жұмыс пішіндерінің бірі - студенттік өзін өзі басқару. ИнЕУ-де Жастар ісі жөніндегі комитет, Қазақстан студенттері альянсы, университеттің Студенттер үйінің кеңесі белсенді жұмыс атқаруда. Жыл бойына олар университеттік, қалалық және облыстық қоғамдық-саяси, интеллектуалдық және спорттық шараларды ұйымдастыруға белсене атсалысуда. Осының барлығы студенттерде көшбасшылық қасиетті дамытып, белсенді өмірлік ұстанымдарын, патриотизмді, бастамашылық пен салауатты өмір салты қағидаларын аша түседі. Президенттің сайлауалды кампаниясына қатыса отыра, студенттер мен ұстаздар өздерінің азаматтық ұстанымдарын көрсетіп, Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясатты қолдайтындықтарын білдірді».

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін