Есірткіге қарсы шара барысында марихуана сатты деген күдікпен 55 жастағы Павлодар қаласының тұрғыны ұсталды. Бұрын ҚР ҚК 259-бабы 2-бөлімі бойынша сотталған.
Ұсталған азаматтың үйін тінту кезінде Джесси атты қызметтік ит жасырылған 140 кг марихуананы тапты.
Арнайы шара кезінде есірткі тасымалдады деген күдікпен Жамбыл облысының 43 жастағы тұрғыны қолға түсті.
Осыған дейін, 18 қарашада, тұрғындардың көмегімен полицейлер Жамбыл облысы Шу ауданының тұрғыны ірі партияда марихуана тасымалдайтыны туралы білді. Сонымен қатар олар «жүкті» алушыны да анықтады.
Ұсталғандар қамауда.
Осылайша құны шамамен 200 млн. теңгені құрайтын марихуананың сатылуына жол берілмеді.