Павлодарлық полицейлер заңсыз алкоголь өнімін сақтаған тұрғынды анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарлық полицейлер заңсыз алкоголь өнімін сақтаған тұрғынды анықтады

Павлодарлық полицейлер заңсыз алкоголь өнімін сақтаған тұрғынды анықтады

Павлодарлық полицейлер заңсыз алкоголь өнімін сақтаған тұрғынды анықтады.

  • 13 Маусым 2021
  • 52
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды .

Павлодар облысы Успен ауданы ауылдарының бірінің тұрғыны заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысатыны белгілі болды.

– Ағымдағы жылы 9 маусымда сағат 18:00 шамасында ауыл тұрғыны өз үйінен 0,5 литр көлемдегі құрамында спирті бар сұйықтықты рұқсат құжаттарынсыз сатқаны анықталды, – деді Успен ауданының полиция бөлімінің бастығы Берік Оралов.

Қазіргі уақытта сараптама жүргізіліп жатқанын, оның нәтижелері Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 463-бабы (Кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен айналысу, сондай-ақ тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей іс-әрекеттерді жүзеге асыру) бойынша шешім қабылданатынын атап өтті. Айта кетейік, ағымдағы жылы аудан аумағында полиция қызметкерлері кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен айналысуға қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзудың бес фактісін анықтады.