Павлюкті өлтіруге қатысты іс бойынша сотталушылар өздерін кінәсіз екенін айтып отыр
Қырғызстандық журналист Геннадий Павлюкты өлтіруге қатысты іс бойынша айыпталып отырған үш адамның бәрі Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатқан негізгі сот талқылауының бірінші отырысында өздерінің қылмысқа еш қатыстары жоқ екенін айтты. |
«Олардың бәрі (сотталушылар – ҚазТАГ) қатысты емес, кінәсіз... Олардың ешқайсысы алдын ала тергеуде берген жауаптарынан бас тартқан жоқ және оларды өзгерткен де жоқ», - деп мәлім етті ҚазТАГ-қа айыпталушы Шалқар Оразалиннің адвокаты Айгүл Ербөлекова.
Оның нақтылауынша, ашық процестің дүйсенбі күні өткен бірінші отырысында сотталушылардан, жәбірленушілерден, куәгерлерден жауап алу кезектілігі анықталды.
А.Ербөлекованың айтуынша, сот сотталушы Алдияр Исманқұловтан жауап алудан- бастады. Алайда Оразалинге кезек жеткен жоқ, түске қарай судья оның қорғауындағы азаматтың өзін нашар сезінгеніне байланысты үзіліс жариялады.
«Жедел жәрдем бригадасын шақырдық. Дәрігерлер күзеті бар бөлмеде Оразалинге 40-50 минуттай көмек көрсетті... Оның жағдайы қанағаттанғысыз болғанына қарамастан, сағат 14-те сот отырысы жалғасты», - деді адвокат.
Оның айтуынша, дүйсенбі күні Оразалиннің өзін нашар сезінуіне байланысты одан жауап алынбаған.
«Оразалин туберкулездің жабық түрімен айырады, екі өкпесі бірдей ыдырауда. Бұл сырқаты 8 ай бойы тергеу оқшаулағышында отырған кезде өрши түсті. Рецидив басталды. Мен отырыстарды менің қорғауымдағы азаматтың денсаулық жағдайын ескере отырып белгілеуді өтінемін», - деді А.Ербөлекова.
Бұрын хабарланғандай, Ахметқали Молдағалиевтің төрағалығымен Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қырғыз журналисіГеннадий Павлюкты өлтіруге қатысты қылмыстық іс қарала бастады. Бұл іс бойынша Қырғызстанның МҰҚК қызметкері Алдияр Исманқұлов, Қазақстанның екі азаматы Алмаз Игіліков пен Шалқар Оразалин айыпталып отыр. Олардың бәрі өздерінің кінәсіз екенін, кісі өлтіргендер бостандықта жүргендерін айтып отыр.
Еске салсақ, 2009-шы жылы 16-шы желтоқсанда Алматыда танымал қырғызстандық журналит Генадий Павлюктің денесі табылды.
ҚР ІІМ тергеу мәліметтерінше, журналист Фурманов көшесіндегі тұрғын үйдің алтыншы қабатынан құлап кеткен. Ессіз күйде ауруханаға жеткізілген ол 2009-шы жылдың 22-ші желтоқсанында есіне келмей, қайтыс болды.
Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу барысында Г. Павлюк Алматыға келіп, қонақ үйге тоқтағаны анықталды. Бірақ белгісіз біреулер оны басқа жерге кездесуге шақырған. Журналистің әріптестері оны жалға алған пәтерінің терезесінен лақтырып жіберуі де мүмкін дейді.
Бір аптадан соң Қазақстанның ІІМ осы қылмысқа қатысты азаматтарды анықтап, 2010-шы жылдың 6-шы қазанында Алматының күдіктілердің бір мейрамханасынан ұсталғанын жариялады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін