Жарияланды: 740

Пекинде ХХІХ жазғы Олимпиада ойындары салтанатты түрде ашылды

Алматы. 9 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Пекинде ұлттық "Құс ұясы" стадионында ХХІХ жазғы Олимпиада ойындары салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Пекинге 80-нен астам мемлекет және үкімет басшылары келген. Атап айтқанда, салтанатты шараларға Қазақстан Республикасының презиенті Нұрсұлтан Назарбаев та жұбайымен бірге қатысуда. ХХІХ жазғы Олимпиада ойындары Пекинде 24 тамызға дейін жалғасады. Спорттың 41 түрі бойынша 301 жүлделер жинағы сарапқа салынады. Осы ойындарда әлемнің 205 мемлекетінен 10 500 спортшысы қатысады деп жоспарланып отыр. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть