Пекиндегі Олимпиада ойындарына қатысатын спортшылардың дайындығына 3 млрд теңге бөлінген - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
0 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пекиндегі Олимпиада ойындарына қатысатын спортшылардың дайындығына 3 млрд теңге бөлінген - Назарбаев

Пекиндегі Олимпиада ойындарына қатысатын спортшылардың дайындығына 3 млрд теңге бөлінген - Назарбаев

Астана. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Пекиндегі Олимпиада ойындарына қатысатын спортшылардың дайындығына республикалық бюджеттен 3 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы кеше Пекиндегі Олимпиадаға аттанып бара жатқан спортшылармен өткен кездесу барысында ҚР президентң Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 15 Шiлде 2008
  • 433
Фото - Caravan.kz

«Спортшыларымыз жолдаманы жеңіп алу үшін олардың дайындықтары мен өнер көрсетулеріне республикалық бюджет былтыр және биыл 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлді», — деп атап көрсетті Елбасы.

«Қазір еліміз Қазақстанның жоғарғы деңгейдегі спорттық әлеуетін көтере түсу үшін өте көп нәрсе жасап жатқаны сіздерге белгілі», — деді Н. Назарбаев.

Атап айтқанда, келесі жылы Алматыдағы олимпиадаға дайындық және Щучинскідегі шаңғы жолы республикалық базаларының құрылыстарын аяқтау жоспарланып отыр, деді президент.

Жалпы алғанда, Н. Назарбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта елімізде балалар мен жасөспірімдердің 487 спорттық мектептері, 30 мың шамасында спорт ғимараттары бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті