Сейсенбі күні Пәкістан соты елдің бұрынғы президенті Первез Мұшаррафқа экс-премьер Беназир Бхуттоны өлтірді деген айып тақты.
Британская Би-Би-Си телерадиокорпорациясының хабарлауынша, П.Мұшаррафтың өзі Равалпинди қаласында болған сотта өзіне тағылған айыпқа қатысты пікір білдіруден бас тартты. Бұған дейін ол өзін кінәсіз деп санайтынын бірнеше рет мәлімдеген де болатын.
Б.Бхутто 2007 жылы желтоқсан айында Равалпинди қаласында өлтірілген болатын. Прокурорлар алдағы сот отырыстарында П.Мұшаррафтың осы қылмысқа қатысы барын дәлелдеуге күш салмақ.