Оның хабарлауынша, тарифті көтерудің негізгі себебі — осы саладағы кәсіпорындарды жаңартуға кететін шығынның көп болуы. Ол үшін арнайы инвестициялық бағдарлама да әзірленген. Оның жалпы құны — 195 млн. теңге.
Осылайша, Риддер қаласының тұрғындары үшін судың бағасы 1 мың литрға 20,33 теңге (бұрынғы бағасы — 15,64 теңге) болса, арнайы есептеу құралдары жоқ азаматтар судың мың литрі үшін 25,03 теңге (бұрынғы бағасы — 15,64 теңге) төлейді. Сол сияқты Первомайск кентінің тұрғындары бір мың литр суға 163,27 (бұрынғы бағасы — 81,63 теңге) төлесе, арнайы есептеу құралдары жоқ азаматтар 198,78 теңгеге (бұрынғы бағасы — 89,47 теңге) дейін шығындалатын болады.