Петропавл әуежайынан Алматы және Астана қалаларына рейстер қайта қатынай бастады
![]() |
23 қазан күні Петропавл қаласының әуежайы жөндеуден кейін алғаш рет «Астана-Петропавл-Астана» рейсiн қабылдап, |
жолаушылар ұшағын жөнелттi, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Биыл петропавлдық әуежайда күрделi жөндеу жұмыстары басталды. Бiрiншi кезекте ұшып-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары жүргiзiлдi.
«Қазiргi таңда енi 42 метрлiк ұшып-қону жолағының 2,5 шақырымы жөндеуден өттi. Сондай-ақ iшiнара инженерлiк желiлерді, перрон мен осы жылға жоспарланған жөндеу жұмыстарын атқардық. Бұл мақсатқа Үкiмет қорынан 4 млрд. теңге бөлiндi», - дедi облыстық жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бейбiт Исманов.
Петропавл қаласы әуежайында аэродром жабындысын, жасанды ұшып-қону жолағының, рулеж жолағының, перронды қалпына келтiру және ОВИ-1 жарық сигналды қондырғысын орнату жобасын елордалық «К-Дорстрой» АҚ жүзеге асырып жатыр.
Оны жөндеу жұмыстары 2016 жылы жалғасады. Ал келесi жылы ұшу-қону жолағын 2,8 шақырымға ұзартылып, 60 метрге кеңейтілмек. Бұл мақсатқа 2 млрд. теңге көлемiнде қаражат қажет.
«Жолаушы терминалды жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттар дайын. Жоба құны 1,4 млрд теңгенi құрайды», - дедi Бейбiт Исманов.
Қазан айының басында Азаматтық авиация комитетiмен жұмыс комиссиясы құрылды, олар кешендi тексерiс жүргiзiп, ұшақтарды сағат 09.00-ден 18.00-ге дейiн қабылдауға рұқсат бердi. Ендi әуежай кез келген ұшақтарды қабылдай алады.
«Алматы-Петропавл-Алматы» және» Астана-Петропавл-Астана» рейстерi аптасына үш рет қатынайтын болады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін