Жарияланды: 540

Петропавл билігіне Абай мен Пушкин неге ұнамай қалды?

Петропавл билігіне Абай мен Пушкин неге ұнамай қалды?

Петропавл қаласының қалалық саябағында орын алған жаңарту жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудыруда.

Бұл туралы "КАРАВАН" газеті хабарлады.

Себебі саябақта орналасқан Қазақстан мен Ресей мәдениетінің мәдени бірлігінің көрінісі, Қазақстанның солтүстік қақпасының құндылықтарының бірі Абай мен Пушкин ескерткішін алып тастамақ.

Бұны естіген қариялардың жүректері ауырып жатса, жастар жағы әлеуметтік желіде жаппай наразылықтарын білдіруде. 

Соңғы жылдары Абай мен Пушкиннің ескерткіші орналасқан жер тек қана саябақтың емес, сонымен қатар Петропавл қаласының көркіне айналған. Бұл жерде ғашықтар кездесу ұйымдастырып, жас жұбайлар бір-біріне мәңгі бірге болуға сөз беріп жатады, қала қонақтары да бұл орынды көрмей кетпейді.

Ең бастысы Қазақстан жерінде орналасқан қазақ пен орыс халқының ұлы тұлғаларына арналған бұл ескерткіш қазақ-орыс мәдениетінің мәңгілік бірлігінің көрінісі. Шекара бойында орналасқан еліміздегі көпұлтты өңірлердің бірі болып саналатын қала үшін бұл ескерткіштің беретін мағынасы мен мәні өте ерекше.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін