Петропавл маңындағы ондаған шаруашылық пен тұрғын үй су астында қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавл маңындағы ондаған шаруашылық пен тұрғын үй су астында қалды

Петропавл маңындағы ондаған шаруашылық пен тұрғын үй су астында қалды

Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуінен Петропавл маңындағы 42 аула, оның ішінде 6 тұрғын үй су астында қалды.  Заречный мен Былғары зауыты кенттерінің тұрғындары қауіпсіз жерге шығудан бас тартты, деп хабарлады облыстың ТЖД баспасөз қызметіне

  • 4 Мамыр 2014
  • 411
Фото - Caravan.kz

«Солтүстік Қазақстанда  Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуінен 42 аула, оның ішінде Петропавлдағы 6 тұрғын үй су астында қалды. Негізінен Заречный мен Былғары зауыты кенттерінде осындай жағдай орын алды. Баспана иелері қауіпсіз жерге шығудан бас тартты», — делінген таратылған хабарламада.

Прибрежное ауылының маңында Есілдегі судың көтерілуіне байланысты аудандық маңыздағы «Петропавл-Прибрежное» тас жолында судың тасуы ені 200 метрге, ал тереңдігі 25 см жетті.   Мұнда бағыт беретін белгілер орнатылды.


«Қызылжар ауданы Прибрежное ауылынан жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД мамандары су астында қалған жолмен тұрғындарды шығаруда. Соңғы тәулікте 120 тұрғын тасымалданды, ауылға азық-түлік жеткізілді.  4 сәуірде таңғы сағат 8-ден 25 жергілікті тұрғын шығарылды. Жолды бақылайтын бекет ұйымдастырылды», — деп хабарлады ТЖД.

Петропавлда бір тәуліктің ішінде Есіл өзеніндегі су деңгейі 2 см төмендеді. Сергеев су қоймасындағы судың көтерілу деңгейі 108 см құрады.