«Бояу шашуға» қатысамын дегендер міндетті түрде конькимен сырғанай білуі тиіс. Арнайы жамылғы мен түрлі-түсті құрғақ бояулар мұз айдынында сатылды. «Бояулар фестивалі» деп аталатын бұл шараның тарихы Үндістаннан бастау алады екен. Ұйымдастырушылар дәл осындай мерекені былтыр жазда орталық жағажайда өткізген. Осы жолы қыстың соңғы сәтін таңдапты. Теріскейдің 6 ай бойы сіресіп жататын аппақ қарын түрлі түске бояп, осылайша қала тұрғындарының көңілін көтермек болған.