Петропавл тұрғыны үйінің ауласын шағын Еуропаға айналдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавл тұрғыны үйінің ауласын шағын Еуропаға айналдырды

Петропавл тұрғыны үйінің ауласын шағын Еуропаға айналдырды

Петропавл қаласының қарапайым тұрғыны тастардан зәулім сарайлар салады. Анвар Файзулин өзі тұратын жардың жиегіне қамал тұрғызып, ауласын көне Еуропаға айналдырған. Он саусағынан өнер тамған шебер бұл ісіне баласын да баулып жүр. Петропавл қаласының 63 жастағы тұрғыны Анвар Файзулин кішкентайынан өзіне зәулім сарай салуды армандаған. Зейнеткер өмір бойы осы үйде тұрса да, бала күнгі қиялын шындыққа айналдырды. Анвар Файзулин таудың баурайында тұрады. Жылда балшықтың ортасында қалатын ол жардың жиегін биік бекініспен бекітіп, кішкентай сарайлар сала бастайды.

  • 3 Мамыр 2016
  • 365
Фото - Caravan.kz

Анвар Файзулин, шебер:

— Сарай, қамал болып шықты. Әркімнің өз қиялы бар. Көрген адамдар оларды Таиландта, кітапта, ғаламторда көргендерін айтады. Таң қалады. Маған да ұнайды. Әкесінің ермегіне баласы елікті. Руслан Файзулин де тас, кірпіш, темір-терсек біткенді жинап, оларға жан бітіреді. Шеберлер сарайларын барынша шынайы етіп салуға тырысқан. Тіпті мұнара, көпір, қақпаларына дейін айнытпай жасаған.


Руслан Файзулин, ұлы:

— Кішкентай кезімізде Александр Дюманың шығармаларын оқып, мушкетер болғымыз келетін. Өзімізді ханшайымын қорғаған ханзада сезінетін едік. Бұл әр баланың арманы. Қазір де солай. Өз сарайым, үйде өз сұлуым бар. Әкесі мен баласы шағын Еуропасын жасыл желекпен көмкерді. Бүгінде мұнда шырша, қарағай, балқарағай секілді қылқан жапырақты ағаштар тамыр жайған.