Петропавлда 9 миллион теңгеге салынған «ақылды аялдамалар» жабылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+34 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда 9 миллион теңгеге салынған «ақылды аялдамалар» жабылып қалды

Петропавлда 9 миллион теңгеге салынған «ақылды аялдамалар» жабылып қалды

Петропавлда жыл басында орнатылған «ақылды аялдамалар» қайта жабылды. Шенділердің о бастағы жоспары бойынша жолаушылар жылы жерде отырып, ғаламтор арқылы өз автобустарының қай жерде келе жатқанын көре алуы тиіс еді. Алайда іс жүзінде олай болмай шықты. 

  • 27 Қазан 2015
  • 234
Фото - Caravan.kz

Новосібірде жасалған аялдамалар жазда салқындатқыштары болмағандықтан жабық тұрған. Енді Қызылжарға қыс келсе де, оны қайта іске қосуға асығып жатқан ешкім жоқ. Аялдамалардың әрқайсының құны 9 миллион теңге. Жыл басында атқамінерлер шахардың әр шетіне осындай 9 аялдама орнатамыз деп соққан. Алайда онысы екеуден әріге аспады. Енді сол екеудің өзі жабық тұр. Шенеуніктер мұны аялдамаларды жетілдіріліп жатқанымен байланыстырады.

Азат Бейсембин,
Петропавл қалалық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы:
 

-Былтыр бұл аялдамалар инфрақызыл сәулелермен жылытылған. Биыл жылыту жүйесі өзгертіледі. Ғаламтордың қолдану аясы кеңейтілмек. Бір сөзбен айтқанда, аялдамалар қайта жөндеуден өтіп жатыр. Бұл жұмыстар аяқталса болды, аялдамаларды қайта ашамыз.