Петропавлда автобус күтіп тұратын халық тоңбайтын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда  автобус күтіп тұратын халық  тоңбайтын болды

Петропавлда автобус күтіп тұратын халық тоңбайтын болды

Петропавлда қытымыр аязда автобус күтіп тұратын халық енді тоңбайтын болды. Өйткен онда инфрақызыл сәулелелермен жылытылатын аялдамалар орнатылып жатыр. Ал жаздың аптап ыстығында оның іші салқындайды екен.

  • 27 Қаңтар 2015
  • 252
Фото - Caravan.kz

Алдағы уақытта мұнда тағы да осындай 9 аялдама қойылуы тиіс. Әрқайсысының құны шамамен 9 миллион теңге. Бұл – ресейлік ғалымдардың ойлап тапқаны. Аялдамалар ғаламтормен, бақылау камерасымен жабдықталған. Сондай-ақ, жолаушылар өздері күтіп тұрған автобустың қай көшемен келе жатқанын да бақылай алады. Қазір теріскейді қатты аяз қыспаққа алғанда, аялдамалар халық игілігіне жарап жатыр. Алайда бұл жаңалықтан жұрт хабарсыз болса керек. Аялдама ішінде отырған күзетші жұртты ішке шақырып әлек.