Петропавлда автобус жүргізушісі бойжеткенді қағып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда автобус жүргізушісі бойжеткенді қағып кетті

Петропавлда автобус жүргізушісі бойжеткенді қағып кетті

Петропавлда автобус жүргізушісі 22 жастағы азаматшаны қағып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы СҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 27 Мамыр 2016
  • 334
Фото - Caravan.kz


«26 мамырда шамамен сағат 18-де Мир-Партизанская көшелерінің қиылысында автобус жүргізушісі 1994 жылы туған қала тұрғынын қағып кетті.  Бойжеткен оқиға орнында көз жұмды.

Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.  Тергеу кезінде болған оқиғаның мән-жайы мен жол-көлік апатына кінәлі адамдар анықталады», — делінген хабарламада.