Петропавлда энергетиктер жылу электр орталығын жөндеуге 2 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда энергетиктер жылу электр орталығын жөндеуге 2 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр

Петропавлда энергетиктер жылу электр орталығын жөндеуге 2 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр

Петропавл. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысының энергетиктері 2008 жылы Петропавлдың жылу электр орталығын жөндеуге 2 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Солтүстік Қазақстан Энерго Петропавл" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 1 Шiлде 2008
  • 391
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, қазіргі уақытта Петропавл халқының жылу энергиясына қажеттілігі толығымен қанағаттандырылып отыр. Жылу энергиясын өндірудің соңғы 5 жылдағы қысқы ең жоғарғы шегі 581,8 Гкал-сағатты құраған. Ал станцияның жылу қуаты 760 Гкал-сағатқа тең.

Баспасөз қызметі жөндеу жұмыстары кестеге сай екенін қазан айының ортасына таман аяқталатынын атап көрсетті. Соңғы рет Петропавлдың еінші жылу орталығында мұндай жұмыс көлемі 20 жыл бұрын жасалыпты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті