Жарияланды: 390

Петропавлда екі жігіт топырақ астында қалды

Жұма күні Петропавлда 25 жастағы екі құрдас жігіт топырақ астында қалды. Бұл оқиға қаланың жеке меншік үйлер орналасқан бөлігінде болған. Осындағы бір үйдің қожайындары үйді су құбыры жүйесіне қосуға әрекет жасаған көрінеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық өртке қарсы күрес басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Наталья Попова хабарлады.

Канализациялық құбырларды тарту үшін экскаватормен 4 метрлік ор қазылған. Жігіттер осы ордың түбінде отырған кезде арықтың жиектері күтпеген жерден опырылып түскен. Әлгі отбасының көршілері құтқарушы-өрт сөндірушілерді шақырып, олар келгенге дейін зардап шеккендердің біреуін топырақтың астынан шығарып алыпты. Ал екіншісі 20-минуттай уақыт бойы 70 см-лік топырақ астында қалған. Н.Попованың айтуына қарағанда жігіттің топырақ астында құламай қалуы нәтижесінде құтқарушылар тез арада оттегіне жол ашып, оны тірі құтқаруға септігін тигізді. Екі жігіт те айтарлықтай қатты зардап шеккен жоқ. Жедел жәрдем машинасы оларды ауруханаға жеткізді. Қазір олардың денсаулығына ешбір қауіп төніп тұрған жоқ. Құтқарушылардың айтуынша, оқыс оқиғаға қауіпсіздік талаптарын бұзу әсер еткен.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін