Жарияланды: 330

Петропавлда көпірдің үш бағаны қирап, бірнеше шақырымдық көлік кептелесі пайда болды

Петропавлда эксковатор тиеп алған алып жүк көлігі көпірдің биіктігін ескермей, өткелдің үш бағанын қиратып кеткен. Салдарынан бірнеше шақырымға созылған көлік кептелесі пайда болды.

Оқиға таңғы сағат 5-те орын алған. Жүк көлігінің ұйқысыраған жүргізушісі  белгіленген бағыттан тайып, жолды қысқартпақ болса керек. Сөйтіп барар жеріне көпір арқылы төтесінен тартқан. Алайда биіктікті шектейтін жол белгілерін байқамаған ол өткелдің үш бағанын сындырып, көпірдің қақ ортасына кеп тіреліпті. Салдарынан Есіл өзенінің арғы бетіндегі Заречное ықшамауданына қатынайтын автобустар мен жеңіл көліктер 7 сағат бойы жолда тұрды. Кептеліс бірнеше шақырымға дейін созылды. Айта кетерлігі, бұл ықшамауданмен байланыстыратын екінші көпір осыдан аз бұрын жөндеуге жабылған еді. Салдарынан халық қаланың орталығына дейін жаяу қатынауға мәжбүр болды. Енді жүк көлігінің жүргізушісі үлкен көлемде айыппұл төлейтін болады. Ал ол қызмет ететін кәсіпорын көпірді қалпына келтіруі тиіс.     

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін