Петропавлда Назарбаев мектебі пайдалануға берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда Назарбаев мектебі пайдалануға берілді

Петропавлда Назарбаев мектебі пайдалануға берілді

Петропавлда сақалды құрылысқа айнала жаздаған Назарбаев зияткерлік мектебі пайдалануға берілді. Шенеуніктер оның ашылуын үш рет кейінге қалдырған болатын. Өйткені батпақты жерге салынған ғимарат кейін қирап қалмауы үшін оның алғашқы жобасына  бірқатар өзгеріс енгізуге тура келіпті.

  • 7 Шiлде 2015
  • 298
Фото - Caravan.kz

Бұл – еліміз бойынша салынған осындай 18-ші мектеп. Алайда мамандар тек Қызылжарда құрылыс барысында талай қиындықтарды бастан өткердік дейді. Алғашқы жоба бойынша құйылған іргетас жауынды жазда үгітіле бастаған. Сөйтіп, білім ошағының жаңа жобасын жасауға бір жарым жылдай уақыт кетіпті. Енді, міне, 700 орынға шақталған мектеп әрең дегенде ашылды. 3 жарым миллиард теңгеге салынған ғимараттың құрылысы 13 айдың орнына үш жарым жылға созылыпты.

Шыңғыс Риаханов, «Назарбаев зияткерлік мектебі» АҚ құрылыс дирекциясының директоры:    

-Мемлекеттік сараптамаға  кірдік және қосымша инженерлік- геологиялық жұмыстардан кейін осындай іргетасты  өзгертуге шешім қабылдадық.  Уақыт созылды, бірақ бұл уақыт   балалардың қауіпсіздігін және бүкіл ғимараттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде салыстыруға келмейді.