Петропавлда қалалық базарда әйел адамның өлтірілу дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда қалалық базарда әйел адамның өлтірілу дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Петропавлда қалалық базарда әйел адамның өлтірілу дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Петропавл қаласының полицейлері 44 жастағы әйелдің өлтірілуі фактісіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы СҚО ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлайды. 

  • 28 Қаңтар 2015
  • 397
Фото - Caravan.kz

«Полицейлер Петропавлдағы базарлардың бірінде орналасқан сауда дүңгіршегінде әйел адамды өлтіргені үшін күдікті деп танылған оның жұбайын ұстады. Қазіргі кезде ол уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды, тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған ер адамның айтуынша, олар ұрсысып қалған», — делінген хабарламада. 

Адам өлтіру фактісімен 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын көздейтін ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлімімен сот алдындағы тергеу басталды. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.