Петропавлда қаржы полицейін өлтіргендер 22 және 24 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда  қаржы полицейін өлтіргендер 22 және 24 жылға сотталды

Петропавлда қаржы полицейін өлтіргендер 22 және 24 жылға сотталды

Петропавлда облыстық қаржы полициясы бастығының міндетін атқарған Жандос Ахметовты өлтіргендерге үкім кесілді. Сот алдында жауапқа тартылған киллер мен оның сыбайластары.

  • 18 Қазан 2014
  • 309
Фото - Caravan.kz

Тапсырысты ұйымдастырған ресейлік Абдул Жамалдиев 24 жылын ерекше тәртіптегі түрмеде өткізетін болды. Ал киллер Павел Ковалевті сот 22 жылға қатаң тәртіптегі колонияға кесті. Сыбайластарға қару сатқан алматылық  Хукиев есімді азамат 5 жылын темір торда өткізуі тиіс. Қаскөйлер Жандос Ахметовты былтыр қыста өз үйінің кіреберісінде баласының көзінше атып кеткен болатын. Тапсырыс берген адамның өзі әлі ұсталған жоқ. Тергеушілер істі сотқа бергенде «қылмыскерлер қателескен, олар сол кездегі қаржы полициясының бастығы Нұрлан Шабдарды аңдыған» деген еді. Алайда бұл болжам сотта дәлелденген жоқ. 


Алик Ахметов, Жандос Ахметовтың әкесі:

Иә, баламды өлтірді. Бірақ не үшін өлтіргені сол күйі жұмбақ болып қалды. Соған қарағанда тергеушілердің тапсырыс бергендерге тісі батпаған сияқты.