«22 шілдеде сағат 13:16-да өрт сөндіру қызметіне Петропавл қаласы Юбилейная көшесінде қоғамдық көлік өртенгені туралы хабар келіп түсті. №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің сақшылары оқиға орнына жеткенге дейін №27 бағытта жолаушылар тасымалдайтын автобусты қызыл жалын толық жалмады. Сағат 13:26-да өрт тоқтатылды, сағат 13:57-де толық жойылды», — делінген хабарламада.
Өрт сөндірушілер келгенде оқиға орнында жолаушылар болмады. Жапа шеккендер жоқ.
Тілсіз жаумен күресуге жеке құрамның 6 адамы мен бір техника жұмылдырылды.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.