Петропавлда Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы өлтірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы өлтірілді

Петропавлда Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы өлтірілді

Петропавлда Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің психология пәнінің мұғалімі өлтірілген. Бұл туралы сейсенбі күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне аталған ЖОО заң факультетінің оқытушысы Павел Афанасьев хабарлад

  • 25 Ақпан 2014
  • 360
Фото - Caravan.kz

Бірнеше жерден пышақталған 35 жастағы әйелдің мәйіті 21-ақпан күні көп қабатты үйдің кіреберісінен табылған.

Облыстық ІІД баспасөз хатшысы Мәдина Балғашықованың айтуынша, аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен осы өңірде тұратын 31 жастағы тұрғын құрықталды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.


П.Афанасьевтің сөзіне қарағанда, бұрын СҚМУ-нің заң факультетінде білім алған күдікті 9 жылдан бері әйелдің ізіне түскен көрінеді.

«Жұма күні, қылмыс жасалардың алдында, ол оқытушыны іздеп кафедраға келген», — деді П.Афанасьев.