Петропавлда үйлердің бірінде газ баллоны жарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда үйлердің бірінде газ баллоны жарылды

Петропавлда үйлердің бірінде газ баллоны жарылды

Петропавлдағы көпқабатты үйлердің бірінде газ баллоны жарылды. Адамдар аман, алайда пәтердің шатыры опырылып, көрші баспананың қабырғасы қақыраған.

  • 17 Ақпан 2015
  • 224
Фото - Caravan.kz

Жарылыстың қатты болғаны сонша, көрші- қолаң қолдарына құжаттарын алып, сыртқа атып шығыпты. Үйдің төбесі ортасына түседі деп ойлаған. Газ баллоны жарылған екі бөлмелі пәтерде жалғыз ер адам тұрады екен. Аздап күйік алған ол ауруханаға жатудан бас тартты. Қазір зақымданған пәтер жөнделіп жатыр. Ал көрші баспананың қабырғасын тіреуіштер ұстап тұр.

Алена Симукина, Петропавл қаласының тұрғыны:

-Жарылыс болған кезде мен сыртта едім. Қарасам көрші пәтердің әйнектері шытырлап сынып, ұшып кетіпті. Жүрегім тоқтап қала жаздады. Дереу төтенше жағдай қызметіне хабарластық.