Жарияланды: 490

Петропавлда ұлттық компаниялардың басшыларының қатысуымен үкіметтік кеңес өтеді

17-қазанда Петропавлда ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов ұлттық компаниялардың басшыларының қатысуымен үкіметтік кеңес өткізеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

Кеңесті өткізудегі басты мақсат - Қазақстандық кәсіпорындардың ірі жобаларға атсалысу үлесін арттыру, Қазақстан экономикасын өнім экспорттауға және өндіріске халықаралық стандарттарды енгізуге бағыттау болмақ. Сондай-ақ, үкімет басшысы Солтүстік Қазақстан облысын жұмыс бабымен аралап, аймақтағы бірқатар кәсіпорындардың жұмысымен танысады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін