Петропавлда үш жасөспірім аяусыз соққыға жығылған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда үш жасөспірім аяусыз соққыға жығылған

Петропавлда үш жасөспірім аяусыз соққыға жығылған

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. 

  • 12 Мамыр 2023
  • 14
Фото - Caravan.kz

Петропавлда үш жасөспірім қатты соққыға жығылды, — деп хабарлайды  Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұған дейін әлеуметтік желілерде 6 мамырда сағат 22:30-да қаладағы дәмханалардың бірінің маңында мас күйдегі алты жігіт кәмелетке толмаған екі жасөспірімді ұрып-соққаны туралы хабарлама тараған болатын.

Ішкі істер министрлігінің ресми Telegram-каналының мәліметінше, 7 мамыр сағат 00:58 шамасында Петропавл полициясына Интернациональная көшесінің бойында төбелес болып жатқаны туралы хабарланған.

"Жанжал кезінде белгісіз біреулер 16 жастағы үш жасөспірімге дене жарақатын салғаны анықталды. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тіркелді. Бұзақылық жасады деген күдікпен 2003 жылы туған ер адам ұсталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", — деп хабарлады полиция.


Соңғы жаңалықтар