Петропавлда жүздеген православ крест шеруін өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда жүздеген православ крест шеруін өткізді

Петропавлда жүздеген православ крест шеруін өткізді

Петропавл қаласында христиан әулиелері Петр мен Павелді еске алу күніне орай крест шеруі өтті.

  • 12 Шiлде 2017
  • 245
Фото - Caravan.kz

Шеруге қатысушы православтар әулилердің соборынан бастап қала көшелерін жүріп өтті, деп жазады Азаттық.

Жыл сайын өтетін крест шеруіне казактар да қатысты. Олар Петр мен Павелдің православтар үшін ұлы әулие екендерін айтады.

— Олар христиан әулиелері. Біз оларды құрметтейміз, еске аламыз.
Петр мен Павел православтар үшін өте қадірлі, — дейді Сібір казактары бауырластығы қоғамдық бірлестігінің атаманы Виктор Таранов.

Православтар Николай Погодин атындағы орыс драма театрының алдына жиналды. Тарихи деректерге сәйкес, өткен ғасырда бұл жерде шіркеу болған. Крест шеруіне қатысушылар жылдағы дәстүрмен көшелерді жүріп өтіп, қаланы сумен аластап шықты.


Христиан әулиелері Петр мен Павел күніне арналған меркелік шара әулиелер ғибадатханасының алдында аяқталды. Крест шеруіне барлығы екі мың адам қатысты, оның 70-і — казактар.

Соңғы жаңалықтар