Жарияланды: 570

Петропавлдық екі азамат ұрланған қойдың етін сатпақшы болғанда ұсталды

Петропавлдық екі азамат ұрланған қойдың етін кәуап пісірушіге сатпақшы болғанда полиция қолына түсті, деп сейсенбі күні СҚО облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Жастары 27 және 24-тегі екі азамат қала ортасында тал түсте қолға түсті. Олардың біреуіне тиесілі қымбат көлігінің салонында екі қойдың еті жатты. Тағы екі қой олардың біреуінің үйінен алынды. Кейін белгілі болғандай, ол қойлар М. Жұмабаев атындағы ауданның Ганькино селосының тұрғынына тиісілі болып шықты. Одан түнде мал ұрланған екен», - дейді баспасөз ықзметіндегілер. Бұл ретте ол жастар полиция көзіне биылғы сәуір айында түскен екен. «Былтырғы жылдың қазан айынан бастап М. Жұмабаев атындағы аудан тұрғындарының ауласындағы қорадан сыйыр мен қойлардың жоғалу фактісі жиілеп кетті. Қылмыскерлердің ізіне түсу оңай болмады. Қылмысты тексеруге СҚО облыстық ІІД ҚПБ мамандары кірісті. Полицейлер жарты жылдан астам уақыт қылмыскерлерді ісздестірді», - дейді баспасөз қызметінен. «Орын алған барлық ұрлықтарға талдау жасай келіп, біз оның барлығы бір қылмыстық топтың жұмысы деген қорытындыға келдік. Қылмыс сұлбасын бәрінде бірдей: ауыл трасса бойында, ұрлыққа ұшыраған үй - ауыл шетінде, түнде малды қорадан шығарып кетіп, шамамен бір километр жерде оны сойып отырған. Оның үстіне қылмыс орындарындағы машина доңғалақтарының іздері де бір көлікке тән болған», - деп СҚО ІІД қылмыстық полиция басқармасының (ҚПБ) бөлім бастығы Данияр Қасымов түсіндіріп берді. Тексеріс барысында осындай көліктің біреуінің иесі бұрындары қаладағы ет базарларының бірінде ет сатушы, ал оның серіктесі кәуапшы болып жұмыс істегені анықталды. Олар етті базардағыдан арзан бағаға алуын бірнеше рет ұсыныпты. «Қылмыкерлердің жасаған қылмыстарының саны тергеу-тексеру барысында анықталатын болады. Мал ұрлаушылар қамауға алынып, қазір тергеу абақтысында жатыр», - деді баспасөз қызметінен.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін