Жарияланды: 300

Петропавлға Ресейден су тасқынына жиналған гуманитарлық жүк жетті

Петропавлға Ресейден су тасқынына жиналған гуманитарлық жүк жетті

Петропавлға Ресейден жіберілген гуманитарлық көмек жетті деп хабарлайды Азаттық тілшісі. 16 мамырда Ресейдің Түмен облысынан Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 5 шағын автобуспен ұн, өсімдік майы, жарма, консервілер және тағы да басқа көмек әкелінді.

Гуманитарлық көмекті бұрын Қазақстаннан Ресейге кетіп қалғандар мен ресейлік кәсіпкерлер жинаған. Ұйымдастырушылардың сөзінше, көмек бір аптада жиналған. Петропавл қаласына келген гуманитарлық көмекті Қазақстан халқы ассамблеясының жергілікті филиалы қабылдап алды. Алдағы күндері гуманитарлық көмек ең алдымен Павлодар іргесіндегі Заречный, Былғары зауыт және Мичурино ауылдарында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға таратылады. Ресейден келген жүк 8 тоннадан асады.

Солтүстік Қазақстан облысында көктемде су тасқыны басталғаннан бері барлығы 17 елді мекенде 380 үйді су басып, оның 9-ы қираған. 5 мың саяжай учаскелері су астында қалған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің соңғы мәліметі бойынша, 44 үйде әлі су тұр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін