Петропавловск қаласында ҰБТ кодын сатқаны үшін Әскери жоғарғы училищенің оқытушысы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавловск қаласында ҰБТ кодын сатқаны үшін Әскери жоғарғы училищенің оқытушысы ұсталды

Петропавловск қаласында ҰБТ кодын сатқаны үшін Әскери жоғарғы училищенің оқытушысы ұсталды

Петропавловск. 25 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Петропавловск қаласында ҰБТ кодын сатқаны үшін Әскери жоғарғы училищенің аға оқытушысы, подполковник ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Солтүстік Қазақстан облыстық ҰҚКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 25 Шiлде 2008
  • 393
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, аға оқытушы ҰБТ кодын 48 мың теңгеге сатқан. Бірыңғай ұлттық тестілеу сұрақтарына берілетін жауаптар мемлекеттік құпия санатына жатқызылған. Подполковникті Солтүстік Қазақстан облыстық ҰҚКД-нің шұғыл тергеу тобының қызметкерлері ҚР ҰҚК әскери қарсы бақылау бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе құрықтады.

Ұсталғанның үстінен қылмыстық іс қозғалып, ол Петропавловск ІІБ-ның уақытша тергеу абақтысына қамалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті