Жарияланды: 590

Петропавловск қаласында жаңа коммуналдық базар ашылды

Петропавловск. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Петропавловск қаласында "Қызылжар - Ақбастау" атты жаңа коммуналдық базар ашылды, онда жеміс-көкөніс өнімдері қаладағы басқа базарлармен салыстырғанда 20% арзан, деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық ішкі саясат бөліміне сілтеме жасап.

"Базарға жеміс-көкөніс өнімдері Қазақстанның оңтүстігі мен жергілікті шаруа қожалықтарынан жеткізіледі. Қазіргі жағдаймен 15 тонна картоп, 5 тонна қарбыз, 20 тонна қауын, 5 тонна пияз бен 3 тонна сәбіз жеткізілді", -деп хабарлайды бөлім. Базардың жалпы аумағы 5500 шаршы метр. Бұл жерде жүк көліктеріне арналған 40 сауда орны мен бөлшек саудаға арналған 20 орын бар. Коммуналдық базарды көріктендіруге қалалық бюджеттен 70 млн теңге бөлінді. Бұл сыйымдылығы 2000 тонна жер асты көкөніс қоймасын жабдықтауға, автокөлік тұрақтарына асфальт төсеу мен барлық коммуникацияларды дайындауға мүмкіндік берді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін