«Шұғыл тергеу шараларының барысында қамауға алынған бойжеткен 2007 жылдың наурыз айынан бері алдау-арбау жолымен осы облыстың аудандарының кәмелеттік жасқа толмаған екі қызды жыныстық тұрғыдан пайдаланғаны анықталған. Барлық тапқан ақшаны күдікті өзіне алып отырған. 8 тамызда күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды», — деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, кәмелетке толмағандарды Петропавловскіге алдап әкелгені мәлім болды. Оларға қалада бала бағушы немесе мейрамханалардың даяшысы қызметіне орналастыруға уәде берген. Шындығында қалаға келгеннен кейін әртүрлі ұсыныстармен, кейіннен қорқытып, үркітіп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті