Петропавловск қаласының тұрғыны героин сатқаны үшін ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавловск қаласының тұрғыны   героин сатқаны үшін   ұсталды

Петропавловск қаласының тұрғыны героин сатқаны үшін ұсталды

Петропавловск. 19 қазан. "Қазақстан бүгін" -Петропавловск қаласында "Наркощит" атты оперативтік-профилактикалық шара кезінде қаланың тұрғыны героинмен ұсталды, деп агенттік тілшісі облыстық есірткі бизнесімен күрес және есірткі айналымын қадағалау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

  • 19 Қазан 2007
  • 419
Фото - Caravan.kz

«Қолға түскен қылмыскер есірткіге байланысты айыбын өтеп жүрніп, рақымшылықпен жарты жыл бұрын босаған деп облыстық есірткі бизнесімен күресу жөніндегі және есірткі айналымын қадағалау басқармасының қызметкері Айгүл Амренова хабарлады.
Оның айтуынша, күдікті есірткіні вокзал маңында есірткі сату барысында қолға түскен, одан бірнеше дозалық гераин табылған. Ұсталғанның пәтерінен іздестіру қызметінің иттері арқылы тағы да героин табылған.

Қазанның 15-21 аралығында облыста өтіп жатқан «Наркощит» шараларының негізгі мақсаты жастарды нашақорлықтан алдын-ала сақтандыру болып табылады. Шараның барысында полиция қызметкерлері қала мектептеріне сақтандыру шаралары туралы әңгіме өткізіп, есірткі саудасын әшкерелеу жұмыстарын күшейтпекші.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті