Ол кеше бірнеше өндірістік нысандарға, соның ішінде «Нан» дүкеніне, нан пісіру комбинатына барып қайтқан. Облыс басшысы 1-қарашаға дейін нанның зауыттан сатылатын бағасы 32 теңгеден аспайды, ал дүкендердегі баға 35 теңге тұрады деп сендірді. 2-қарашадан бастап нанның зауытта сатылатын бағасы 42 теңгені, ал тұтынушылар үшін 45 теңгені құрайды.
Сонымен қатар, Серік Біләлов 2-ші ЖЭО барып, тексеру барысында қазандық, құбыр және химиялық цехта болып қайтты.
«Станцияның басшысы қысқы жағдайдағы жұмысқа дайын екендіктері туралы баяндап, барлық қажетті қор бар екендігіне сендірді»,- деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті